Тәубе сөзінің мағынасы қаңдай

Тәубе – кешірім сұрау, қатесін түзетіп, қайталамау. Тәубе адамның үлкенді-кішілі қандай да бір күнәсі болса да адам өз күнәсін түсініп, зор өкінішпен кешірім сұраса және сол қателігін қайталамаса Құдайдың кешірмейтін күнә-қылмысы жоқ деген, Алланың фазылына, рахымдылығына сенімнен туындайды. Сондықтан Алланың рахым-шапағатына шын сенімнен туындаған тәубе адам өмірінде маңызды орын алатын, оның рухани-адамгершілік мұраттарын айқындайтын бетбұрыс кезеңі. Тәубе адамның рухани-интеллектуалдық кемелденуі мен ахлақтық, адамгершілік тұлғасының қалыптасуындағы басты кезеңі. Құран Кәрімнің тоғызыншы сүресінің атауы “Тәубе”, сүре аяттары осы тәубе жайында баяндайды. -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ислам жолында🕋🕌 каналында сіз бұл туралы біліп қана қоймай басқа да сұрақтарға жауаптар ала аласыз, видеоны соңына дейін рет ретімен көріңіз! Музыка тыңдау харам ба? Келесі сілтеме арқылы өтіп біле аласыз
Back to Top