Қабірде азап бар ма?

Ғалымдар қабір азабының хақтығына қатысты дәлел ретінде төмендегідей тұжырымдарды келтіреді: Құранда Ферғауын және оның адамдары қиямет қайымға дейін қабірде азап шегетіндігі туралы айтылады: «Олар ертелі-кеш отқа тасталады.Қиямет - қайым болған күні: Ферғауындықтарды азаптың ең қаттысына кіргізіңдер» (40.Ғафыр-46). «Алла сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді» (14.Ибраһим-27). Бухаридің риуаяты бойынша, бұл аят қабірдегі азаптың болатындығын білдіреді. Себебі, бұл аяттың қабір азабы жайында түскендігін Хазіреті Пайғамбарымыз сахабаларына айтқан. Ал, Хазіреті Пайғамбарымыздың төмендегі хадистері қабір азабының болатындығын ашық әрі анық түрде баян етеді. Абдуллаһ ибн Аббастан жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз бір зираттың қасынан өтіп бара жатып екі қабірді көрсетіп, сол қабірде жатқан екі мәйіттің азап шегіп жатқандығын сахабаларына айтады. Пайғамбарымыз: «Мына қабірдегі екі мәйіт не үшін азап шегіп жатқанын білесіңдер ме?» - деп сұрағанда сахабал
Back to Top