Апта бойы әлеумжеліде дауыл боп тұрған ақпарат Ернар Айдардың тағдыры. Миллиондаған тыңдарманның жүрегінен орын тапқан әнші миллиондаған жазылмандарын пайда көзі ретінде қарастырғаны рас па? Әңгіме желідегі ұтыс. Бәске 4 көлік пен бір баспана тіккен өнерпаз, өзінің де басын бәйгеге тіккенін біліп пе еді. Анығы осы аптада алдандым, арбалдым деп ағынан жарылып кешірім сұрады.
Алайда 20 мың адамнан 198 млн тг ақша жинап алған кезде бұл не қылған батпан құйрық деп ойлауға болмады ма, әлде ақылы жетпеді ме? Есесіне құқық қорғау органдары алаяқтықтың исін сезе қойып, әншіні тура тікелей эфир үстінде құрықтағаны кеше. Іс қозғалды, өнерпаздың заңды белден басқаны дәлелденсе, жазаны жалғыз көтермейді, жанында 13 сыбайласы бар. Алайда, ол айыппұлмен ғана құтылуы мүмкін дейді заңгерлер. Айта кету керек, бұған дейін де жұлдыздар ұтыс ойнатып шулатып, жаздым жаңылдым деп құтылып жатты. Сонда ешкім сабақ алмаған ба? Әлде әнші ақылды да, халық ақымақ па?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан