4 мамырдан бастап елімізде тіршілік қайта жанданады
Ертеңнен бастап карантин шаралары біртіндеп жеңілдетілген тәртіпке көше бастайды. Сән салондары мен азық-түліктік емес тауарлар дүкендері жұмысқа кіріспек. 1 сәуірден Алматы мен астана арасында әуе қатынасы ашылса, алдағы аптадан бастап, бірқатар өңірлерде бұл қатарға қосылады деп күтілуде.
Алайда түйткілдер бар. Коронавирусқа қарсы тест тапсырмағандар ұшаққа жіберілмейді. Билеттің бағасы 20-30 мың болса, оған анализ тапсыруға төлейтін 20 мыңдай ақшаны қосыңыз. Бұдан бөлек, саяжайшыларға да қатынау жағынан қолайсыздықтар бар. Дегенмен де үйде отырып мезі болған жұрт қазір шектеу шараларының жеңілдей бастағанын сезінуде. Әлем елдерімен бірге Қазақстан карантиннен қалай шықпақ?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан