Еріктілер саяжай тұрғындарына тегін балапан таратты

Балаңа балық берме, қармақ бер! Сөзді осылай бастаған Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері бүгін Парасат саяжайы тұрғындарына тауықтың 200 балапанын тегін таратты. Қайырымды жандар осылайша жеке шаруашылықты қалаған адамға және экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік жасамақ. Ал екінші жағы бұл болашақ бизнесті бастауға негіз болады, дейді. Онымен қоса өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбекқор болуына көмегін тигізетінін жеткізді. Қазіргі таңда құс өсіріп, ауыл шаруашылығымен айналысу тиімді, әрі жемісті бизнес екені белгілі. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top