Оралда полиция қызметкерлері аударылған автокөліктен үш адамды шығарып үлгерді

Оқиға 15 маусым күні Желаев кенті маңында болды. Чкалов көшесінде шамамен сағат -де “Лада Калина“ автокөлігі аударылып қалған. Сол маңнан патрульдік автокөлікпен қызмет бабымен өтіп бара жатқан полиция қызметкерлері дереу көмекке ұмтылды. БҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Арман Сарбалинов пен батальон инспекторы, полиция аға лейтенанты Александр Калиничев өз өмірлеріне қауіп төнетінін біле тұра, аударылған көліктен үш адамды алып шықты.
Back to Top