Қызылорда облысындағы көп балалы отбасы баспаналы болды

Азаттық көрсеткен Қызылорда облысындағы көп балалы отбасы баспаналы болды. Енді Райгүл Балмаханова мен төрт баласының жеті бөлмелі үйі бар. Райгүлдің бес жасар қызы Әдия сал ауруына шалдыққан, буыны шығып кете береді. Еріктілер жұрттан қаржы жинап, отбасына баспана алды. Ал қалған қаржыны Әдияның еміне берді.
Back to Top