Жексенбідегі митингіде полиция “80 адамды әкетіп, 4 адамды қамады“

Наурыздың біріне Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер ұйымдастырмақ болған митингі орнына жақындағандарды полиция жаппай алып кеткен. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистерге жексенбі күні полиция “80 адамды әкетіп, 4 адамды қамағанын“ айтты.
Back to Top