Әкежан Қажыгелдин: Тоқаевқа екі рет хат жаздым

Қазақстанда коронавирус тарап, елде төтенше жағдай жарияланғалы биліктің жәрдеміне көңілі толмайтын не жәрдемсіз қалған адамдардың наразылығы әр жерден жиі естіледі. Індетпен бетпе-бет күресіп жатқан дәрігерлердің мәселесі де ушығып тұр. Оппозиция өкілдері карантиндегі биліктің атқарып жатқан ісін “шала, жеткіліксіз, дағдарысқа дайын болмады“ деп сынайды. Кейбірі өз жоспарын, бағдарламасын да ұсынып жатыр. Олардың арасында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, 1998 жылы шетелге кетіп қалған Әкежан Қажыгелдин де бар. Оппозициялық саясаткер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы экономикалық дағдарыс, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, үкіметтің дағдарысқа қарсы саясаты туралы ойын бөлісті.
Back to Top