Нұр-Сұлтанда суретші “Ерекше елде тудым“ атты қарсылық акциясын өткізді

14 қаңтарда қазақстандық суретші Асхат Ахмедьяров Нұр-Сұлтан әкімдігінің алдында костюмді теріс киіп келіп, акция өткізді. Оның қолында ДЦП дертіне шалдыққан 15 жастағы Аида Біләлованың фотолары жабыстырылған плакат ұстап тұрды. Суретшінің сөзінше, Аида Біләлова он жылдан бері үй кезегінде тұр. Ахмедьяров акциясы арқылы мүгедек қыздың мәселесіне қоғам мен биліктің назарын аударғысы келгенін айтады.
Back to Top