Даңқты қолбасшы Бұқарбай батырға 200 жыл

Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы Сыр жерінде туылған. Қоқан, Хиуа, Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күрес жолында қан төгіп, жан берген батырын халқы Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін терең тани бастады. Ұлт мақтанышын, жаужүрек бабасын ұлықтаған Сыр жұрты облыс орталығына батырдың еңселі ескерткішін қойды. Сом қоладан құйылған мүсіннің биіктігі 13 метр. Тұғыры Күнтінің сапалы әрі мықты мәрмәр гранитінен жасалды. Ескерткіш авторы -- Жәркен Исмаилов.
Back to Top