Өз-өзіне ор қазған адамзат
Бұл дәрменсіз ақ аюды түсіріп жатқан кезде көз жасымызды тыя алмадық. Апатия, яғни енжарлыққа қарсы тұру үшін жақсыны да, жаманды да бірдей көрсету керек. Көз алдыңызда қартайған емес қорек таппай аш қалған аюдың соңғы күндері. Соңғы демі. Бұлшықет атрофиясы. Күш-қуаттың қалмауы. Баяу әрі азапқа толы өлім. Ғалымдардың айтуынша бұл сүтқоректілердің түгелдей дерлігі алдағы 100 жылдың ішінде жойылып, түгі қалмайды. Бүгінде көзі тірі 25 мың ғана ақ аю қалған екен. Өкінішке орай біз дәл көз алдымызда қасірет шеккен аюға көмектесе алмадық. Әрбір жыртқыштың артынан жүріп, аман алып қалуға қанша тырыссақ да біздің мүмкіндігіміз шектеулі. Бұл мәселені бүкіл адамзат болып шешу керек. Оның түбіне жеткен климат өзгерісі. Біздің қоршаған ортаға немқұрайлы қарауымыз. Қазіргі қарқынды басып, бүкіл тіршіліктің панасына айналған Жер планетасына мән бермесек, бізді де дәл осындай тағдыр күтіп тұрмағанына кім кепіл?!
PS. Қатарымызға қосылып, осы постпен бөлісіңіз! Әлемді өзгертуге атсалысыңыз ағайын