Көкшетау. Рамазан Стамғазиев
Өлеңнің авторы - Сәкен Сейфуллин.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі -
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майың.
Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң-дағы оғың жетпес,
Бір жұтсаң Көкшетаудың