Астанада үлескерлер мәселесі ушығып барады

Астанада үлескерлер мәселесі ушығып барады. Елордадан баспана алсам деп, ақшасын санап беріп алданғандар күн сайын наразылық шарасын өткізуде. Бүгін Есілдің оң жағалауындағы “Тамаша үй“ кешенінен үміттілер биліктен көмек сұрап, құрылыс басына жиналды. Өйткені, халықтан ақша жинап алған құрылыс компаниясының кеңсесі жабық, ал бас директоры алаяқтық жасағаны үшін сотталып, абақтыға жабылған. Қолында үй салуға ешқандай рұқсаты жоқ фирма Астанада ашық жарнама жасап, үлескерлерге үй береміз деп уәде беріп жатқан
Back to Top