Балабақша ашқан әйел жұртты алдап соқты

Алаяқтың құрығына түсіп кеткен атыраулық бір топ ата-ана арнамыздан көмек сұрады. Балаларын бірі бөбекжайға, өзгесі қосымша білім беру орталығына жіберіп, ақшасын оқу жылының соңына дейін төлеп қойған олар соңында жер сипап қалғандарын айтады. Балабақшаны уақытша жауып, бірақ шығынның барлығын өтеп берем деп жоқ болып кеткен 26 жастағы келіншек ашынған жұртты ертеңімен тойдырып бітті. Шыдамы таусылған ата-аналар бүгін Прокуратораның алдында жиналды. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top