«Fokker-100» бен «Bek Air-дің» ендігі тағдыры

28 желтоқсан, еліміздің тарихындағы 8 ші жалпыұлттық аза тұту күні ретінде тарихқа еніп отыр. Жалпы ұшақ апаттарымен байланысты 3-ші траур. Бұл трагедия мыңдаған жанның жадынан өшпейтіні анық. Бірақ болар оқиға болды. Азаматтарымыздан айырылдық. Бұл күн ертең - өткен күн боп есте қалады. Ал проблема қашанда қасымызда. Біздің жағдайда ол әуе қауіпсіздігі. Еске сала кетейік, апат болған күні БЕК Эйр әуе компаниясының қызметі мен оған тиесілі Фоккер100 ұшақтарының жұмысы мән-жайлар анықталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Ендігі сұрақ ол қалай және кімдермен анықталады? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлімдегендей жұмыс топтары мен арнайы комиссиялар апат себептерін ғана емес БекЭйр компаниясын да тексермек. Ал ұшақтың бортжазбалары бүгін Мәскеуге сараптамаға жөнелтілді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top