Бүгін анамыз ортамызда болса 75-ке толар еді.. Әттең...
АҚ ЖАУЛЫҚ КӨРСЕМ
Қамай берді жанымды қамал қайғым,
Адамбыз ғой әйтеуір амалдаймын.
Ауылдағы анамды аңсап барып,
Иығына орамал жаба алмаймын.
Анасы бар адамның бәрі бала,
Көңілі көктем, салар әні жаңа.
Анасы жоқ адамның жаны жара,
Жұбаныш бола ала ма сары дала?
Сіз кеткелі үлкейіп кеткендеймін,
Домбырадан қоңыр мұң төккен күймін.
Өмірдің күнгейі мен көлеңкесін,
Көп жасап көріп-біліп өткендеймін.
Ақ жаулық көрсем көзім жәудірейді,
Жүрегім жылап, жоқтап, жан жүдейді.
Сіздер аман болыңдар асыл жандар,
Бақытыңды бар әлем, ел тілейді.
Мұнайдар Балмолда
.
39 views
602
181
4 years ago 00:01:09 376
Ірімшік дайындау
5 years ago 00:03:44 47
Еске алу...
5 years ago 00:01:45 62
Бүгін анамыз ортамызда болса 75-ке толар еді.. Әттең...