ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҮЙЛЕНБЕУ СЫРЫ | “ЖЕТІ АТА“ ДӘСТҮРІ
ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҮЙЛЕНБЕУ СЫРЫ | “ЖЕТІ АТА“ ДӘСТҮРІ
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады.1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады.Алғаш хан тағына жасы үлкен Керей отырған, ал Жәнібек қосымша ұлыстық деңгейдегі хан дәрежесінде елге әйгілі болған болса, 1465-1466 жылдары сыртқы жауларға қарсы қанды шайқастардың бірінде Керейдің қайтыс болуына байланысты бос қалған Қазақ хандығының тағына енді Жәнібек отырды. Оның Қазақ хандығын басқаруы 1474-1475 жылдарға дейін созылды және Әзиз Жәнібек атанатыны да осы тұс. Әз Жәнібектің хандық билігінің дара және қуатты болғанын ханның Ақ Ордасына атақты Жиренше шешенмен бірге ілесіп барған сол тұста елге кеңінен танымал болған шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жан-жақты жазып қалдырған. Бұл 1467 жыл болатын. Баяндалған оқиға да сол жылға тән аңыз әңгімелер.
#қазақәдебиеті
#салтдәстүр
#аңыз
#әңгіме
#әке
#дәстүр
#құдалық
#қазақша
#қазақелі
#қазақстан
#тәрбие
1 view
12
2
11 months ago 00:09:46 1
ҚАЗАҚ ЖОЙЫЛМАЙДЫ! ҚАЗАҚТАР — “ЕКІНШІ ЖАПОНИЯҒА“ АЙНАЛАДЫ!
1 year ago 00:03:06 1
ЖЕТІ АТАҒА ДЕЙІН ҮЙЛЕНБЕУ СЫРЫ | “ЖЕТІ АТА“ ДӘСТҮРІ