“Махаббат мәңгі ертегі “ Нұрбол Садуақас
Сәкен Қалымов – Махаббат – мәңгі ертегі
Әні: Б.Тұрғараев Сөзі: И.Сапарбай
1. Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
Қ-сы: Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме, жаным, егілме,
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау, не дерсің мынау көңілге?!
Күлерсің дағы жыларсың
Жыларсың дағы шыдарсың
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?
2. Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
«Сүйемін» деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
3. Махаббат – мәңгі ертегі
Көңілдің күйін шертеді
Ертіп бір жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені!
#махаббатмәңгіертегі