ТҮРІ ҚАЗАҚ, ТІЛІ ОРЫС

32 жылда өз ана тілін үйрене алмаған шенеуніктер халықтан сөгіс естіп жатса да, пысқырып та қарамайды. Депутаттар баяндамасын орысша оқып, сұраққа орысша жауап беретін ақ жағалыларға ескертуді айтып келе жатқалы біраз болды. Бұл жағдай «Жаңа Қазақстанда» да жалғасын тауып жатыр. Жаңадан жасақталған Мәжіліс депутаттары Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықовқа шүйлікті. Олар енді қашан қазақша сөйлейді? «Тілі жойылған ұлттың өзі де жойылады» деген сөзге мән бермейтін шенділерді қайтпек керек? SŪRAUY BAR – биліктің бастауы - ХАЛЫҚ. Ал ел талабы – біздің назарда. Себебі әр қазақтың сұрауы бар. Facebook Instagram
Back to Top