10 желтоқсан Халықаралық адам құқықтары күніне орай кітапханамызда “Бала құқығы-асыл қазына“ атты сұхбат өтті. Сұхбат беруге ҚР журналисттер одағының мүшесі, Солтүстік Қазақстан тәуелсіз заңгерлер палатасының мүшесі Қайрат Арғынұлы Дүйсенбі қатысты. Сұхбат барысында бала құқығы, оның заң жүзінде қорғалуы жайы талқыланды.