Ғабит Мүсіреповтың “Қозы және Баян” трагедиясының премьерасы болып өтті.
Бүгін Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында Ғабит Мүсіреповтың “Қозы және Баян” трагедиясының премьерасы болып өтті.
1937 жылы «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» шығармасының сахнадағы тұсаукесері елімізде тұңғыш рет Ұйғыр театрында қойылған. 1938 жылы «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» трагедиясы Ұйғыр театрының репертуарындағы үздік қойылымдардың біріне айналды.
Бүгінде, Ғабит Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» трагедиясын театрымыздың 90 жылдық тойына арнап қайта сахналанып отыр.
Қойылым соңында, сахна төріне шыққан қонақтардан, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов, Қазақстан халық артисі Роза Рымбаева және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек премьерамен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Қоюшы режиссер - Фархадбек Қанафин.
Мәтін бойынша режиссердің кеңесшісі - Гульбахар Насирова, «Құрмет» орденінің иегері.
Киім үлгілері суретшісі – Ақмарал Мусаева
Қоюшы суретші – Рустам Мусаев
Режиссердің ассистенті – Мухидин Варисов
Балетмейстер - Хажарбуви Халимова
Композиторлар – Дилмурат Бахаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Каримжан Газиев.
Жарық беру суретшісі – Галина Сорочинская.
12 views
325
94
4 hours ago 00:02:12 12
Ғабит Мүсіреповтың “Қозы және Баян” трагедиясының премьерасы болып өтті.