Тәубе - Мейірімді Аллаһ Тағаланың құлдарына нәсіп еткен ең ұлы нығметтерінің бірі. Себебі Аллаһтың Ұлықтығын сезініп, иман нұры жүрегіне ұялаған әр мұсылман Аллаһтың мейіріміне ұмтылып, разылығына бөленуге асығары хақ. Алайда, қарапайым өмірдің күйбең тірліктері мен Ібілістің ылаң ойлары, біздің бұл нығмет жайлы ой жүгіртуден алыстатып барады. Болмашы бір сәттік қызықтарға бас ұрып, таудай-таудай күнәларды желкемізге қойып, сансыз сауаптан мақұрым қалып, ажал деген апанға қарай, мәз-мейрам күйде ,алаңсыз бара жатырмыз. Бұның соңы үлкен өкінішке апарып соқтырары анық. Осындай жүректерді жұмсартып, жанымызға жұбаныш сыйлар деген оймен Арман Қуанышбаев ағамыздың “Тәубе нығметі“ сабағын ұсынып отырмыз.