Алматы облысында қанды қырғын. «Дәулет» ауылында өткен жексенбіде 33 жастағы күдікті ажырасқан әйелін бірнеше жерінен пышақтап, жауыздықпен өлтіріп тастаған. Одан қалды, марқұмның ата-анасына қоқан-лоқы көрсетіп, оларды да сеспей қатыруға уәде етіпті.