Таразда қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған науқас қайтыс болды

Таразда қарулы қақтығыстан ауыр жарақат алған науқас ақыры аурухананың жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болды. Қаза тапқан азамат тапа-тал түсте тәртіп сақшысына оқ жаудырған еді. 24 жастағы күдіктіге атыс кезінде екі жерінен оқ тиген. Алайда, ол оқ жарақатынан емес, асқазан жарасының асқынуынан ажал құшты дейді дәрігерлер.
Back to Top