РХБҚ бөлімшелерімен оқу-әдістемелік жиындар Жамбыл облысында басталды

Алдағы екі апталық полигондық жұмыстар дәл осы күрделі бағытқа арналады. Жамбыл облысындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бірінің базасында ТЖМ РХБЗ, ҚМ, ҰҰ, ҰҚК ШҚ бөлімшелері үшін оқу-жаттығулар басталды. Жиындардың мақсаты мамандардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын арттыру, оларды дайындауға қатысты өзекті мәселелерді шешу, ең бастысы шартты қарсыласы жауынгерлік уландырғыш заттарды қолданған жағдайда, сондай-ақ химиялық қауіпті объектілерде ТЖ кезінде өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады. Оқу-жаттығудың бірінші күні қатысушылардың арнайы техникасының жабдықтары мен жауынгерлік мүмкіндіктерін зерделеуге, ЖҚҚ пайдалану, халық шаруашылығында қолданылатын күшті улы заттардың қасиеттері мен қауіпті факторлары бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар мен практикалық сабақтарға және РХБҚ нормативтерін орындауға арналды. ТЖМ бөлімшелеріне комитеттің және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің, әскери бөлімдердің, жедел-құтқару жасақтарының 64 маманы ұсынылған.
Back to Top