Павлодар облысында шипажай үлгісіндегі Шалдай мектебі жабылады. Мамандардың айтуынша, соңғы 10 жылда өңірде құрт ауруына шалдыққандар саны азайған.
Мәселен, 2002 жылы дертке шалдыққан 1 мың 464 адамның 162-сі бала болған. Ал биыл сырқаттанғандар саны 17 есеге азайған.
Қуантарлығы, жаңа оқу жылында туберкулезге қарсы сауықтыруға бірде-бір жолдама берілмеген.
Бүгінде 220 орынға арналған сауықтыру мекемесінде 135 адам еңбек етеді. Жауапты ведомство олардың барлығын еңбекпен қамтудың қамына кірісіп кетті.