Нәжіс суы арыққа құйылып, жұрт тұншығуда

Алматы облысында нәжіске тұншыққан жер үйдің тұрғындары шу шығарды. Тозығы жеткен кәріз құбырында арнайы септик жоқтықтан, іргедегі көпқабатты үйден аққан су екі араны бөліп жатқан арыққа барып құюда. Одан шыққан жағымсыз иіс төңірекке жайылып, жұрт емін-еркін тыныстаудан қалған. Ал, аптап ыстықта үлкендердің көзін ала бере сондағы суға шомылатын балалар шетінен инфекция жұқтыруда екен. Ол аздай, халықты сол маңда шошқа ұстайтындар да зәрезап қылуда. Таза ауыз су мен жол өз алдына бір проблема. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top