Алматы облысындағы Ынтымақ ауылының жұрты су жоқтан “ынтымағымыз қашып, берекеміз кетті“ дейді. Өйткені, жаз басталғалы тіршілік нәрі тек көлікпен жеткізілетін болған. Ұзын-сонар кезекте тұрғындар жапа-тармағай суға жармасып, бір-бірімен қырылатын күйге түсіпті. Әйтпесе, су жаңа ұңғыма қазылып, тап-таза суға қарық боламыз деп қуаныпты. Енді, шілденің аптап ыстығында бақтары түгілі, тамақтары кеуіп жүр.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан