Елордада элиталы «Британ кварталы» тұрғын үй кешенінен алапат өрт шығып, шатыры толықтай жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қызыл жалынға оранған үй ішінен тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылыпты. Алайда құтқарушылар келгенше тілсіз жау зәулім үйдегі бірнеше пәтерге тарап кетіпті. Сондай-ақ, куәгерлер өрт сөндірушілердің көлігінде су болмағанын айтып жатыр.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан