Арыстағы жарылыс жаға ұстатты

Түркістан облысында төтенше жағдай! Еліміздегі ең ірі қару-жарақ сақтайтын әскери қоймада жарылыс болып, Арыс қаласының 25 мыңдай тұрғыны жаппай көшірілуде. Үсті-үстіне аспанға атылған снарядтар қаланың өзге жерлеріне түсіп, жарықшақтары айналаны өртке ораған. Ресми орындар адам шығыны жоқ дегенімен, зардап шеккендердің алғашқылары ауруханаға түсуде. Ал, жарылыстан қорқып қалған кейбір жұрт тау-тасты кезіп, ен далаға босып кетті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top