Көпқабатты үйде жойқын жарылыс болды

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір адам зардап шекті. Денесі оңбай күйіп қалған 4 баланың анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салуда. Ал, оқыс оқиға болған үй жуырда ғана пайдалануға берілген екен. Ондағы кей пәтерлер әлі күнге бос тұр. Су жаңа баспанада неліктен газ баллоны жарылды? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top