Алматы облысының қойшылары Алматыға әкелген 65 қойы жоғалтып алды. Райымбек ауданы, Қайнар ауылынан “ауру мал“ ретінде есепке алынып, қаладағы ет комбинатына кеше жеткізілген ұсақ мал, бүгін ізім-қайым жоқ болып шықты. Бруцеллез ауруын жұқтырған малды ет комбинатының мал дәрігері қабылдап алып, шұжық цехына өткізеді екен. Ал, ауру деген 65 қойдың еті Алматы базарларына тарап кеткен жоқ па?