Талапкер-2023, ENU Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

✔️20 маусым мен 28 тамыз аралығында университеттің 85 профессор-оқытушы құрамынан және бөлім қызметкерлерінен жасақталған техникалық хатшылар еңбек ететін болады. 🎁Қабылдау комиссиясының ашылуы күні құжат тапсырған талапкерлер университет сыйлығына ие болды. 👍Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтінім қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады. ☝️Сондай-ақ, ENU-да 20 маусым мен 20 тамыз аралығында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан тапсыруға болады. ☝️Қабылдау комиссиясы ENU сәулет-құрылыс факультетінің ғимаратында 104 және 105 бөлмелерде орналасқан. 🔝Қабылдауға байланысты ақпаратты сайтының «Талапкерлерге» бөлімінен және L.N. Gumilyov Eurasian National University телеграм парақшасынан таба аласыздар. Сондай-ақ, қосымша сұрақтар бойынша Call-center хабарласып, білуге болады. 🔗Толығырақ #enu #enufamily
Back to Top