ENU–да XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің карталары галереясы ашылды

ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ENU-да XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің ежелгі еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылды. Онда карталардың 100 көшірмесі ұсынылған. ENU Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров 17 жылдан астам Еуропаның ұлттық және корольдік мұрағаттарында, мұражайларында, картографиялық орталықтарда және АҚШ кітапханаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Бүгінде Қазақ мемлекетінің ең ерте картасы 1540 жыл деп белгіленген. Ол Швейцарияның Базель қаласында табылды. Бұл галерея білім берудің барлық деңгейіндегі студенттерге әр салада жаңа құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ENU профессоры. Айта кетейік, ертең 12 сәуірде Брюссельдегі Еуропарламентте алғаш рет «XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің ежелгі Еуропа және Америка карталарының галереясы» таныстырылады.   * В ЕНУ открыли галерею карт Казахского государства XVI–XIX веков   В преддверии Дня работников науки РК в Евразийском национальном университете состоялось открытие галереи старинных европейских и американских карт Казахского государства XV-XIX веков. В ней представлены 100 копии старинных европейских и американских карт Казахского государства XV-XIX веков. Директор Института современных исследований ENU Мухит-Ардагер Сыдыкназаров проводил исследования  в европейских национальных и королевских архивах, библиотеках и музеях, картографических центрах и библиотеках США более 17  лет. «На сегодняшний момент самая ранняя карта Казахского государства датирована 1540 годом. Она найдена в швейцарском городе Базель. Галерея позволит студентам всех уровней обучения на месте осваивать новые компетенции по разным направлениям», - отметил профессор ENU. Отметим, 12 апреля «Галерея старинных европейских и американских карт Казахского Государства XV-XIX веков» впервые будет представлена в Европейском Парламенте в г. Брюссель.
Back to Top