ЕNU-ға Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы келді

Бүгін Еуразия ұлттық университетіне Кеңестің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсәләм бастаған Мұсылман ақсақалдар кеңесінің мүшелері келді. Қонақтарды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ЖОО проректорлары, оқытушылары мен студенттері қарсы алды. Мәртебелі мейман ЕҰУ студенттеріне дәріс оқып, олардың көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Мұхаммед Әбделсәләм мырзаға «ЕҰУ-дың Құрметті профессоры» атағын беру жөніндегі ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімін жариялады.
Back to Top