21 сәуір күні бастауыш класс мұғалімі Тағаева Торғын Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен 3 “Ә“ сыныбында “Жұлдызды бестік“ зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып, ойлау қабілетін, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Сайыс барысында оқушылар 3 топқа (“Зеректер“ тобы, “Білімділер“ тобы, “Ойшылдар“ тобы) бөлініп, сайыс шарттары бойынша білім жарысында сынға түсті. Сайыс нәтижесінде “Білімділер“ тобы жеңіске жетті.
#1мектеп_гимназиясы