Темір жол бекетінде көбіне ұрлау фактісі орын алады. Ұялы телефонын жоғалтып, шағымданатын жолаушылар көп дейді тәртіп сақшылары. Сондықтан олар қала тұрғындары мен қонақтарына жиі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Желілік полиция жыл басынан бері 31 жедел тежегішті басу дерегін, темір жолда мал жаюдың-20, белгіленбеген жерден өтудің-11 фактісін тіркеген. 31 құқықбұзушылық анықталса, 29-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Желілік полицейлер шойын жолды белгіленген арнайы жерден ғана өту керектігін ескертеді. Құлаққап тақпаңыз, өйткені келе жатқан пойыздың дыбысын есітмей қалуыңыз мүмкін. Балаларды темір жол маңына жолатпаңыз. Жыл басынан Ақтөбеде 4 адамды пойыз басып кеткен. Оның үшеуі қаза тапты. Біреуі мүгедек болып қалды. Мәселен, осыдан 1 ай бұрын Жіңішке стансасы маңында, 17 жастағы қыз баланы пойыз қаққан. Жасөспірім рұқсат етілмеген жерден өтпек болыпты. Алған жарақатынан қыз бала тіл тартпастан көз жұмған.
Сайт телеканала
Twitter
Вконтакте
Telegram
1 view
61
6
2 months ago 00:02:56 1
Ақтөбеде 3 адамды пойыз қақты
5 months ago 00:02:28 1
Ақтөбеде биыл 4 адамды пойыз қаққан
1 year ago 00:01:46 1
Шойын жол бойындағы қауіпсіздік мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр.
4 years ago 00:02:25 1
Соңғы сарбаз...
5 years ago 00:03:09 584
Әлем чемпионы Саматбек Ізімбайды Ақтөбеде әдемі күтіп алдық