Жамбыл облысында пәтерлерін даулаған жас мамандардың үміті ақталмады. Апелляциялық сот бұрынғы сот шешімін өз күшінде қалдырды. Талас аудандық әкімдігімен соттасқан дәрігерлер енді жоғарғы сотқа шағымданбақ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандарды алдап, ауылға шақырудың амалы деген дәрігерлер облыстық соттың алдында шу шығарды.