Қираған көпір үстінен жандарын шүберекке түйіп өтуде

Алматы облысында республикалық маңызы бар көпір қирап қалды. Енді ондаған елдімекен тұрғындары қоғамдық көлікпен көпірден жандарын шүберекке түйіп өтуге мәжбүр. Бұл өткелді мамандар бір жыл бұрын апатты деп тауыпты. Бірақ, күрделі жөндеу жүргізуге асықпаған. Ауыр жүк көліктерінің салмағына шыдас бермеген белдеме морт сынып, көлік қозғалысы тұралап қалған. “Алматы-Қорғас“ және “Алматы-Астана“ тас жолдарының арасын жалғайтын жалғыз айналма жолдың қазіргі күйін көзімен көрген тілшіміздің репортажы. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top