Жақсы киінген «қайыршыға» көмектесесіз бе?

Көшеден үсті-басы кір-қожалақ, бет-аузы домбыққан тіленшіні көрсек тиын-тебен ұстатып, жоқ дегенде жаны ашыған кейіп танытамыз. Көз алдымыздағы күйі кеткен адамның жағдайына жүрек сыздап, көңіліміз түсіп қалатыны тағы бар. Ал қол жайған жан қымбат киініп, қолына соңғы маркалы “сотка“ ұстап тұрса не істейсіз? Сырт келбеті сәнді болса да, садақа сұраған адамның сөзіне құлақ асар ма едіңіз? “Мәдениетті қайыршының“ кейпіне еніп, көпшіліктен көмек сұраған тілшіміз Маржан Бақыттың кезекті экспериментіне көз салыңыз! #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top