СҚ ұжымдық иммунитетке біртабан жақын. Өңір тұрғындарының 67 пайызы вакциналаудың толық курсынан өткен. Тағы 40 мыңнан аса тұрғын вакцинаның екінші компонентін алуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев мәлімдеді. Брифинг барысында жалпы эпидемиологиялық ахуал жайында айтылды.