Алматы жолдарында мас күйінде 1 мың 800-ден астам жүргізуші ұсталды - жыл қорытындысы
Бұл мәліметтерді жергілікті полиция қызметі 11 айдың қорытындысын шығара отырып, ұсынады.
«Жыл басынан бері 1 миллион 866 мың 741 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 1 мың 843 жүргізуші ұсталды. Сот 2 мың 443 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1 мың 754 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Рулде мас адам - қылмыскер. Бұл аксиома, өкінішке қарай, көп жағдайда адам өлімімен және көптеген отбасылардың қайғысымен байланысты. Естеріңізге сала кетейін, заңда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза қатайтылды. Бірінші рет болса көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 7 жыл. Сонымен қатар, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінде, қала жолдарында жыл басынан бері 3 мың 195 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 мың 415 адам зардап шегіп, тағы 94 адам қаза тапқанын хабарлады.
——————————————————————————-
Более 1 тысячи 800 водителей задержаны на дорогах Алматы в нетрезвом виде – итоги года
Эти данные местная полицейская служба приводит, подытоживая итоги 11 месяцев.
«С начала года выявлено 1 миллион 866 тысяч 741 нарушений ПДД. 1 тысяча 843 водителя задержаны за управление транспортным средством в состоянии опьянения. Судом права управления ТС лишены 2 тысячи 443 водителя. Административный арест применен в отношении 1 тысячи 754 автолюбителя. Пьяный за рулем – преступник. Эта аксиома, к сожалению, зачастую сопряжена с человеческими жертвами и горем многих семей. Еще раз напомню, что законодательно ужесточено наказание за езду в нетрезвом виде. На первый раз срок лишения права управления ТС составляет 7 лет. Кроме того, предусмотрен административный арест до 15 суток», - резюмировал заместитель начальника Управления местной полицейской службы ДП города Алматы полковник полиции Серик Шумаев.
Вместе с тем в МПС сообщили, что с начала года на дорогах мегаполиса было зарегистрировано 3 тысячи 195 ДТП, в результате 3 тысячи 415 человек травмированы, еще 94 - погибли.
1 view
445
132
6 months ago 00:02:03 1
Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті
9 months ago 00:00:58 1
Алматыдағы рейд: 38 мопед айыппұл тұрағына қойылды
10 months ago 00:01:03 1
«Қауіпсіз жол»: іс-шара басталғаннан бері Алматы жолдарында 58 мас жүргізуші ұсталды
12 months ago 00:01:28 1
Алматы жолдарында мас күйінде 1 мың 800-ден астам жүргізуші ұсталды - жыл қорытындысы
1 year ago 00:00:43 1
Алимент бойынша борышкер «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі арқылы анықталды
5 years ago 00:00:57 6
Алматы облысының жолдарында “Көкпар“ ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды