Ескерткіш елдіктің, өрліктің ерен үлгісі қашанда. Қос он жылдықта Талдықорған төрінде бой көтерген ескерткіштер қатары артты. Мерейтой аясында соның негізгілерін тізбектедік
Тарихы тереңнен тартатын, алғаш ашылған ескерткіштің бірегейі Сүйінбай Аронұлы ескерткіші. Алматы-Өскемен тас жолының бойында, Жастар спорт сарайының ауласында 2010 жылы салынды.
Көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай облыс орталығында арда азаматқа ескерткіш қойылды. Оның ашылуына Д.А.Қонаев халықаралық қоры ҚҚ бастамашы болды. Бюст 2012 жылы 14 қыркүйекте мерейтойында шымылдығын түрді.
Тағы бір еңселі ескерткіш 2016 жылы Тұңғыш Президент күні қарсаv