Жамбыл облысында жүк пойызының екі вагоны рельстен шығып кетіп, бензин құйылған цистерна бір аударылып қалды. Оның соңы алапат өртке ұласқан. Вагондардың бірінде 60 тонналық жанармай құйылған цистерна болыпты. Құлаған цистернадағы жанармайдың жартысы төгіліп, қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты тып-типыл еткен. 75 метр шойын жолға зақым келіпті. Сондай-ақ Шу, Алайғыр және Еспе теміржол станциясында 15-тен астам жолаушылар пойызы тоқтатылған. Оқыс жайт Шу ауданындағы Шоқпар теміржол стансасында түнгі сағат екілер шамасында болған. Құтқарушылар тілсіз жауды таңғы сағат алтыда толық өшіріпті. Болжам бойынша, апатқа цистернаның дөңгелегінің ортаңғы бөлігінің сынып кетуі себеп болуы мүмкін. Нақты себебін арнайы комиссия анықтайтын болады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!