Тоқаев төрт әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялады. Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алған. Атап айтқанда, жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және вице-премьер, Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады. Бұл жайлы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке ескерту жасалды. “Бұдан бөлек, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты» делінген жазбада.
63 views
7
4
4 years ago 00:00:59 102
Тоқаев төрт әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялады
5 years ago 00:05:02 153
Қордай мәселесі: Қызметтен кеткендер. Қаржылай көмек. Көңіл айту