Елордада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Ол келіншегінің жұмыс орнына барып, далаға шығуын талап еткен. Әйел сыртқа шыққан кезде күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Қарағанды тасжолына бара жатқан жолда әйелін ұрып, қарсылық танытқаны үшін 8 рет пышақ салып, кейін оны далаға тастап, ізін суытқан. Мұны көрген куәгерлер полиция мен жедел-жәрдем қызметін шақыртқан. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада. Бұл дерекке қатысты “Адам өлтіруге оқталу“ бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!