Темекі мен ішімдік сатып алу үшін жеке куәлік көрсету қажет

Шылымды байқап шегіңіз! Елімізде темекі тартуға тыйым салынған орындардың тізімі көбейді. Бұдан былай балалар алаңында, жабық аялдамалар мен метрода және жерасты өткелдерінде темекінің кез-келген түрін шегуге болмайды. Бұл сигарет, электронды темекі және кальянға да қатысты. Осының бәрі “Халық денсаулығы туралы кодекстің“ жаңа нұсқасында қаралған. Мамандардың айтуныша, соңғы кезде жастар темекі былай тұрсын, қоғамдық орындарда қорқорды жиі тартатын болыпты. Заңға бағынбай, тәртіп бұзғандарға 42 теңге айыппұл салынады. Бұдан бөлек, жаңа кодекске сәйкес сатушы шылым мен ішімдік алатын адамнан жеке куәлігін талап етуге міндетті. Ал келесі жылдан бастап темекі мен кальян қоспаларын сөреге қоюға болмайды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top