ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ

Мамыр айының 27-29 жұлдыздарында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына және «Спорттық Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Ұлы Дала ойындары» атты ұлттық спорт додасы өтті. «Ұлы Дала ойындары» атты бұл дүбірлі бәскеге тек төрт команда ғана білек сыбанып шықпақшы. Олар Астана, Алматы, Қызылорда және Орынбор қаласының командалары. Көзіқарақты жанкүйер жақсы біледі, кезінде Қызылорда мен Алматы қалалары және көрші Ресей иелігіндегі Орынбор қалалары әр жылдарда Қазақ елінің астанасы болған өңірлер. Сондықтан «Ұлы Дала ойындарына» қатысу мәртебесі сол бұрынғы бас қалалар мен қазіргі Астана қаласының үлесіне тиді.
Back to Top