Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова жайында ()
Кеңес дәуірінде қазақтан шыққан сан мыңдаған батыр ұл-қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова. Шайқаста талай ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақ қызы соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған. Қазақтың қаһарман ұшқыш қызына Атырауда ескерткіш ашылды. Алматыда оның атымен аталған көше бар. Талай рет көкке самғап, жаудың сағын сындырған арудың есімі ел жадынан кетпейді, деп хабарлайды .
Соғыс кезінде қазақтың 3 бірдей қызы ерекше көзге түсті. Бірі Кеңес Одағының батыры атанса, енді бірі Халық Қаһарманы атағын иеленді. Есімі көп ұлықтала бермейтін қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова аспан төрінде жауды дәлдікпен атып, ешкімге дес бермеген. Ержүрек, қайсар мінезімен алған жарақаттарының көптігіне қарамастан, ол көкке ұмтылып, кескілескен шайқасқа дайын тұрған.
«Хиуаз Доспанова жай ғана көп ұшқыштың бірі емес, соғыстың қарсаңында Марина Раскова деген әйгілі ұшқыш болған. Сол кісінің іріктеуімен ұшқыштар қатарына қосылды. Ол кісінің естеліктері де жарияланды, айтылды. Сонда айтады, ұшақтан 14 рет құладым дейді. 14 рет құлап, тірі қалу, бұл енді құдайдың берген ұрпағы ғой», – деді ҰҒА академигі, тарихшы Хангелді Әбжанов.
Хиуаз мектепте оқып жүргенде-ақ ұшқыш болуды армандады. Ол асқақ арманына жету үшін мектептегі оқуымен бірге Орал қаласындағы аэроклубта қатар оқиды. Соғыс басталған кезде атақты ұшқыш Марина Раскованың командирлігімен әйелдерден құрылған әуе полкіне қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанова да қабылданды. Майдан шебіне жетіп, алғашқы әскери тапсырманы алғанға дейін 18 жастағы өрімдей бойжеткендер соғыс деген тура келген ажал екенін жете түсінбегені анық. Бірақ соғыс деген атының өзі қайғы екенін жас жүректері сезген еді...
«Қаршадай қыздар майданға аттанып, Отанды қорғауда, туған жерді қорғауда үлкен ерліктер көрсеткен. Соның бірі – Хиуаз Доспанова. Тек 2004 жылы, 60 жылға жуық уақыт өткеннен кейін ғана Хиуаз Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Бұл, әрине, өкінішіті. Артынша көп ұзамай 2008 жылы бұл кісі дүниеден өтеді», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлы дала тұлғалары» орталығының жетекшісі Гүлшат Нұрымбетова.
86-ға қараған жасында дүниеден озған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова өмірінің соңына дейін мына үйде тұрған. Халық Қаһарманының құрметіне 2010 жылы дәл осы үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Ұлы Отан соғысының ардагері Хиуаз Қайырқызының есімі халық жүрегінде мәңгі сақталады, ұмытылмайды.
Сая Меңдеке, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы
Наш сайт -
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал Youtube -
2 канал Youtube -
Facebook RUS -
Facebook KAZ -
Twitter -
Instagram -
1 view
7
1
8 months ago 09:06:21 1
Қазақ Бақсыларының Тұңғыш Құрылтайы / Первый Курултай Казахских Шаманов / Алматы 2024
8 months ago 00:13:30 1
Саяхат. Қазақстандағы ең алғашқы кинематографиялық саяхат фильм. Ұмытылмас ҚАЗАҚША КИНО САЯХАТ 4K
9 months ago 01:38:51 1
Оразақ Смағұлов: тарих, генетика, жүзге бөліну, Навальный және Кремльді жауапқа тарту жайлы
11 months ago 00:02:48 1
Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова жайында ()